Статьи

Маусымдық аллергиядан қалай құтылуға болады?

Аллергия – ағзаның қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне сезімталдық қасиетін көрсетуі. Ол түрлеріне қарай әртүрлі себептерден пайда болады. Мысалы, маусымдық аллергия – шөп тозаңынан туындайды. Яғни, көктем айларында шөптің, гүлдердің гүлдеп, тозаң шашатын кезеңінде пайда болып, күзге дейін жалғасады. Көбіне иммунитеттің төмендігінен пайда болады. Маусымдық аллергия басталған уақытта адамның мұрнынан су ағып, көздері қышып, қызарады және көп түшкіреді. Бір қарағанда тұмауратып ауырып жүрген адам секілді болады.
 
Аллерголог мамандарының айтуынша, аллергиямен кішкентай балалардан бастап, 50-60 жасқа дейінгі адамдар ауырады. Жас таңдамайды. Сондай-ақ тұқым қуалайды. Егер баланың әкесі де, шешесі де аллергиямен ауыратын болса, 89% балада да болады. Ал ата-анасының біреуі ғана ауыратын болса, 30-40% душар болуы мүмкін.
 
Аллергияға арналған арнайы гипоаллергенді диета бар. Яғни, көкөністер мен жемістерді жеуге, сүт өнімдерін ішуге (қымыз, шұбат), тауық етін мүмкіндігінше жеуге болмайды.
 
Дәрігерлердің айтуынша, аллергияны қыс мезгілінде емдеу, оның алдын алу болып табылады. Қанды тексеру арқылы емделушінің қандай затқа аллергиясы бар екенін анықтау арқылы ғана, ем-дом жүргізіледі екен. Медицина мамандары үй-жағдайларында түрлі дәрілер сатып алып, көзге, мұрынға арналған тамшыларды өздігінен жасауға болмайтынын ескетеді.
 
 
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
 
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады.  

Клиника Айгерим предлагает услуги высоквалифицированных врачей, полную диагностику, эффективное лечение!

Клиника Айгерим находится в г.Актобе, связаться с оператором колл-центра можно здесь.

Контакты