Статьи

Күзде иммунитетті қалай нығайтуға болады?

Күзде иммунитетті қалай нығайтуға болады?
 
Күз мезгілі – денсаулыққа күтім, қамқорлық жасайтын кезең. Бұл уақытта күндізгі жарық төмендеп, ауа ылғалдылығының жоғарылауы байқалады. Көптеген адамдар күш-қуатының төмендеп және бойын ұйқышылдық билегенін сезінеді, ал кейбіреулері жиі суықтан зардап шегіп жатады. Ол иммунитеттің әлсірегендігін байқатады. Бұл уақытта дәрігерлердің қабылдауына жөтел, тамақ ауруларымен шағымданатын адамдар саны күрт өседі. Күзде иммунитетті қалай нығайтуға болады? 
 
- Қыркүйек айының аяғы мен қазан айының басында ЖРВИ және тұмау сияқты респираторлық аурулар санының маусымдық өсуі байқалады. Адамдар жоғарғы тыныс жолдарының (ринит, фарингит, синусит, трахеит) және төменгі (бронхит) зақымдану белгілерімен шағымданып, медициналық көмекке жүгінеді. Біз оларға аурудан сақтану үшін түрлі ережелерді ұсынамыз. Нақтырақ айтқанда:
- Дұрыс және тиімді тамақтану. Диетада жаңа маусымдық көкөністер мен жемістер басым болып, кондитерлік өнімдерден бас тартқан жөн немесе оларды тұтынуды барынша азайтқан абзал. Тиімді тамақтану иммунитетті нығайтып ғана қоймай, асқазан мен ас қорыту жүйесіне де көмектеседі;
- Спортпен шұғылдану. Тұрақты физикалық белсенділік. Яғни, таңертеңгі гимнастика, жаттығу залындағы сабақтар немесе жай ғана ашық ауада серуендеу;
- Аз стресс. Стресс – дененің барлық жүйелерін бұзатын ең күшті факторлардың бірі. Мұндай жағдайда барлық дерлік жүйелер осал болып істен шығады;
- Жеткілікті ұйықтау. Салауатты және толық ұйқы – вирустармен күресу үшін қажетті күш пен энергияны сақтауға мүмкіндік береді;
- Жаман әдеттерден бас тарту. Темекі шегу мен алкоголь әрқашан денсаулыққа теріс әсер етеді;
- Дәрігер кеңесімен витаминді-минералды кешендерді қабылдау;
- Ауа-райына сәйкес киіну. Күзгі ауа-райын болжау мүмкін емес, сондықтан жылы шұлық пен қолшатыр болған дұрыс. Қарапайым гипотермияға байланысты суық пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда ағзаға жедел респираторлық инфекциялармен және басқа аурулармен күресу қиынырақ болады.
Тұмаудың алдын-алу және денені маусымдық аурулардан қорғаудың тиімді әдісі туралы тағы бір маңызды ұсыныстың бірі – вакцинация.
 
 
 
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
 
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады. 

Клиника Айгерим предлагает услуги высоквалифицированных врачей, полную диагностику, эффективное лечение!

Клиника Айгерим находится в г.Актобе, связаться с оператором колл-центра можно здесь.

 
 

Контакты