Статьи

ЖОҒАРЫ ҚАН ҚЫСЫМЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

ЖОҒАРЫ ҚАН ҚЫСЫМЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
 
Жоғары қан қысымы немесе гипертония сіздің қан қысымыңыз қалыпты деңгейден жоғарылағанда дамиды. Артериалдық қан қысымын өлшегенде қан тамырлары арқылы қанша қан өтетіні және жүрек жұмысы барысында қан қандай кедергіге тап болатыны есепке алынады. Ұзақ мерзімді келешектегі жоғары қан қысымы денсаулықтағы кінәраттың, соның ішінде жүрек ауруының дамуына әкелуі мүмкін.
Гипертония өте жиі кездеседі. Әдетте гипертония бірнеше жылдар ішінде дамиды. Сіз ешқандай белгілерді байқамауыңыз да мүмкін. Алайда еш белгісіз жоғары қан қысымы қан тамырлары мен ағзаларды, соның ішінде ми, жүрек, көз бен бүйректі зақымдауы мүмкін.
 
ГИПЕРТОНИЯНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?
 
Әдетте гипертония ешқандай белгісіз өтеді. Көптеген адамдар ешқандай сиптомдарды басынан кешпейді. Симптомдары анық болуы, ауру қауіпті деңгейге жетуі үшін бірнеше немесе ондаған жылдар қажет болады. Тіпті мұндай жағдайда сипмтомдар басқа проблемалармен байланысты болуы мүмкін.
Гипертонияның ең басты белгісі бас ауруы болып табылады. Бұл бас миы тамырларының тарылуы, спазмы салдарынан болады. Сонымен қатар гипертонияның ең жиі белгілеріне жатады:
2. Көз алдында «шіркейлердің» ұшуы
3. Жалпы әлсіздік
4. Ұйқының бұзылысы
5. Бас айналу
6. Бастың ауырлау сезімі
 
АУЫР ГИПЕРТОНИЯНЫҢ СИМПТОМДАРЫ:
  • бас ауруы
  • ретсіз тыныс алу
  • ұрыннан қан кету
  • ас айналу
  • кеудедегі ауру сезімі
  • көру қабілетінің өзгеруі
  • құлақтағы шу
  • зәрде қанның болуы
Бұл белгілер шұғыл медициналық көмекті талап етеді. Олар гипертониясы бар адамдардың бәрінде бола бермейді. Алайда бұл симптомдардың пайда болуын күту өте қауіпті болады.
Сізде гипертонияның бар-жоғын білудің ең жақсы әдісі – артериалды қан қысымын тұрақты өлшеу. Әдетте артериалды қан қысымы кез келген дәрігердің қабылдауында өлшенеді. Жылына 1 рет медициналық бақылаудан өтуге кеңес береміз.
 
ЖОҒАРЫ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
 
Артериалды қан қысымын өлшегендей гипертонияны анықтау өте оңай. Көптеген дәрігерлер кабинетінде артериалды қан қысымы әдеттегі қаралу кезінде тексеріледі.
Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, дәрігер бірнеше күндер немесе апта ішінде қосымша көрсеткіштерді жазып алуды сұрауы мүмкін. Гипертония диагнозы сирек 1 реттік өлшеуден кейін қойылады. Дәрігерге тұрақты мәселенің бар екеніне дәлел керек. Өйткені сіздің айналаңыздағы көптеген факторлар, мысалы, дәрігер қабылдауында болатын стресс қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар артериалды қан қысымының деңгейі тәулік ішінде өзгеріп тұруы мүмкін.
Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары деңгейде сақталып тұрса, онда дәрігер негізгі ауруларды жоққа шығару үшін қосымша талдаулар тағайындауы мүмкін. Бұл сынамаларға зәр талдауы, холестерин скринингі мен қанның басқа да талдаулары, ЭКГ, жүректің, бүйректің УДЗ жатады.
Осы сынамалар дәрігерге қан қысымының жоғарылауын шақыратын екіншілік проблемаларды анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл зерттеулер жоғары қан қысымының сіздің ағзаларыңызға қаншалықты әсер еткенін анықтауға мүмкіндік береді.
Осы мезеттен бастап дәрігер гипертонияны емдеуді бастайды. Ауруды ерте емдеу тұрақты бұзылыстардың даму қаупін азайтады.
 
 
 
 
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
 
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады. 

Клиника Айгерим предлагает услуги высоквалифицированных врачей, полную диагностику, эффективное лечение!

Клиника Айгерим находится в г.Актобе, связаться с оператором колл-центра можно здесь.

 

Контакты