Статьи

Жіті ішек инфекциясы деген не?

Жіті ішек инфекциясы – асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы, диарея (іш өту), интоксикация, ал кейбір жағдайларда сусыздану белгілері бар инфекциялық аурулардың кең таралған тобы. 
 
Бұл ауру әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады және де дерт көбіне жаз айларында бас көтереді. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп, сыртқы ортаға тарайды. Аурудың алғашқы белгілеріне іштің жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының көтерілуі, сәбилердің емшектен бас тартуы, асқа тәбеттің болмауы, шөлдеу, құсу, бас ауруы, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретіне қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы жатады. Осы айтылған белгілерді балаңыздан, болмаса, өзіңізден байқаған болсаңыз міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Науқас жиі құсып, іші өткен сайын оның жағдайы ауырлай түседі. Себебі организм өзіндегі тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Салдарынан пациенттің жағдайы нашарлап кетеді. Осындай инфекциямен ауырған адамдарға жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру үшін емшек сүті,(нәрестелерге) күріш суы, сұйық шай, қайнатылған су, ауыз арқылы ішетін тұзды-минералды су ерітіндісін ішуге кеңес беремін. Айта кетейін, инфекцияның жұғуына гигиеналық тазалықтың сақталмауыда жатады. Яғни, ас ішер алдында қолды жақсылап сабындап, жеміс-жидектердің сыртын жуу керек. Шала піскен сүтті ішуге, тағамдарды жеуге болмайды. Сондай-ақ, мейлінше қайнатылған су ішкен абзал.
 
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу керек. Аурудың алдын алып, ұзақ өмір сүрем десеңіз, денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
 
 
 
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
 
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады. 

Клиника Айгерим предлагает услуги высоквалифицированных врачей, полную диагностику, эффективное лечение!

Клиника Айгерим находится в г.Актобе, связаться с оператором колл-центра можно здесь.

Контакты