Статьи

Ангина кезінде балмұздақ жеуге бола ма?

Ангина кезінде балмұздақ жеуге бола ма?
 
Денсаулық күтіміне қатысты халық арасында қалыптасқан көптеген негізсіз тұжырымдар бар. Олардың ақиқат екеніне көз жеткізбей, бірден сенім білдіру қазіргі заман жастары үшін кешірілмейтін әрекет секілді. Солардың біріне тоқталып өтейік.
 
Балмұздақ ауырып тұрған тамаққа жергілікті анестезия сияқты әсер етеді. Суық белгілі бір уақытқа жүйке ұштарын «мұздатып» ауруды тоқтатып қояды. Балмұздақтың суық су немесе мұздан ерекшелігі — құрамындағы жоғарғы майлылық тамақтың ауырып тұрған жерлеріндегі шырышты қабатын тітіркендірмей мұздатады. Содан ауырып тұрған адам біраз уақытқа дейін өзін жеңіл сезінеді. Бірақ суықтан қан тамырлары тарылатын болғандықтан, бактериялардың ошағына иммундық жүйенің жасушалары аз жетеді. Бұл ауруды қоздырып жіберуі мүмкін.
 
Сондықтан, дәрігерлер балмұздақтың орнына жалбыз қосылған кәмпиттер соруға кеңес береді. Олар да салқындататын әсер береді, алайда ауруды асқындырмайды. Ақпаратты қорыта келетін болсақ, балмұздақ ауруды тек уақытша ғана жеңілдетеді. Сондай-ақ, жергілікті иммунитетті төмендету қаупі бар.
 
 
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
 
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады.

Контакты