Статьи

Қан қысымы жас талғамайды

Қан қысымы жас талғамайды
 
Қан тамырының қысымы – ең көп тараған сырқат түрі. Мамандардың айтуынша, еліміздегі әрбір оныншы адам осы ауруға шалдығып, өлім салдары бойынша алдыңғы қатарда тұрған дерт болып есептелінеді екен.
 
Қан айналымы бұзылып, жүрек қан тамырлары тартылса, болмаса, жіңішкерсе, қан қоюланып, қысым көтеріледі. Бұл көбіне аз қимылдайтын адамдарда жиі кездеседі. Бір орында көп отыратын немесе кешке дейін бас көтермей төсекте жататын адамның ағзасындағы қан қоюлананып, ішкі температураның әсерімен қысымы жоғарылайды. Мұндай жағдайда, басы ауырып мазасы қашады. Сонымен қатар, қан қысымының көтерілуіне көбіне тұрмыстағы кикілжің, әлеуметтік жағдай, темекі шегу, ішімдік ішу, артық салмақ, жүйкенің сыр беруі әсер етеді.
 
Аурудың алдын алу үшін кешкі уақытта жарты сағат болсын жаяу жүріп, таңғы аста шай немесе кофе ішіп, тұздалған балық, сары май және ірімшік жеу керек.
 
Әр адамның өз денесіне сай қан қысымы болады. Айта кетейік,140-тан асқан жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралып, ем жүргізуді бастаған дұрыс. Мұндай қан қысымымен тіркелген адамды дәрігер үш айдан алты ай аралығында бақылауға алып, ем-дом жүргізеді.
 
Денсаулықты күту – әрбір адамның өз қолында. Аурудың алдын алып, ұзақ өмір сүрем десеңіз, денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
 
 
 
 
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
 
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады. 

Клиника Айгерим предлагает услуги высоквалифицированных врачей, полную диагностику, эффективное лечение!

Клиника Айгерим находится в г.Актобе, связаться с оператором колл-центра можно здесь.

Контакты