Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнімен

Құрметті қазақстандықтар!

 

    Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

     16 желтоқсан – еліміздің негізгі мемлекеттік мерекелерінің бірі. Бұл күні, 1991 жылғы 16 желтоқсанда, Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.

 

     Тәуелсіздік – ең құнды байлық, біз бәріміз оны сақтап, қорғауға міндеттіміз. Елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау – біздің қасиетті парызымыз.

 

     Осы мереке күні Сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік пен мейірімділік, тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!

 

 

16.12.2024

Контактілер