Біздің медициналық ұйымда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58- бабына сәйкес, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ және ішкі бақылау қызметі құрылды.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ және ішкі бақылау қызметі функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.
Осыған байланысты, егер СІЗДЕР:
- медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
- медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым- қатынасқа ұшырассаңыз;
- сондай-ақ, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге кез болсаңыз, СІЗ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ және ішкі бақылау қызметіне жолығуға құқылысыз.
Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңыз комиссиямен және Сіздің қатысуыңызбен қарастырылатын болады.
Сіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады, сондай-ақ шағымды медициналық ұйымның сайтына қалдрсаңыз болады; сайттың мекенжайы /медициналық ұйымның сайт болған жағдайда/.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ СІЗДІҢ шағымыңызды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген телефон нөмірлеріне 8 /7132/ 92-13-10 ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ және ішкі бақылау қызметіне жолықсаңыз болады - медициналық қызмет сапасын бақылау жөнінде директоры Крышкина Татьяна Викторовна.