
«Айгерім» клиникасында бауырды фибросканерлеуден өтуге болады
«Айгерім» клиникасында бауырды фибросканерлеу (эластометрия) жүргізіледі. Бұл – бауырдың жағдайын бағалауға, соның ішінде фиброз дәрежесі мен майлы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік беретін заманауи инвазивті емес зерттеу әдісі.
Зерттеу ауыртпалықсыз, ешқандай тілік пен хирургиялық араласусыз жүргізіледі және көп уақытты қажет етпейді.
Фибросканерлеуден дәрігердің тағайындауы бойынша, әсіресе бауыр аурулары, қан талдауындағы бауыр көрсеткіштерінің өзгеруі, артық салмақ және басқа да қауіп факторлары болған жағдайда өту ұсынылады.
Зерттеу нәтижелері дәрігерге бауырдың жағдайын бағалап, әрі қарай бақылау немесе емдеу тактикасын анықтауға көмектеседі.
Бауырды фибросканерлеу «Айгерім» клиникасында қолжетімді.
Мәресьев көшесі, 87, 313-кабинет.