Мақалалар

Туберкулез аурудың алдын алуға болады

Туберкулез ауруының алдын-алуға арналған айлық өтуде
 
Елімізде ақпан айының 24-нен наурыз айының 24-не дейінгі аралықта туберкулез ауруының алдын-алуға арналған айлық өтуде.
 
Туберкулез – бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру, ол адамнан адамға ауамен беріледі. Оның пайда болуының негізгі факторлары – әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, экология, дұрыс тамақтанбау, иммунитеттің әлсіреуі, суық тию, стресс, науқас адамдармен қарым-қатынаста болу, яғни жұқтыру.
 
Аурудың алдын алуға болады. Жұқтырған күннің өзінде дер кезінде, дұрыс емделсе науқастың құлан-таза айығып кетуге мүмкіндігі бар. Ол үшін медицина қызметкерлері ғана емес, әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, өзін-өзі күту қажет. Сол себепті профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтіп, ауырғаннан ауырмаудың алдын алуға тырысқан жөн.
 
Дәрігерлердің біліктілігі мен білімділігі, медицинаның бәекелестік тудыра алатын технологиялары барынша жетілгенімен, егер, адамдар өз денсаулығына өздері жауапты қарамаса, аурудың алдын-алуға әрекет жасамаса, дені сау адам мен денсаулығы мықты қоғам құру мүмкін емес. Бұл - дер кезінде ем қабылдамаған науқастың ажалы алдында дәрменсіз болатын әрбір дәрігердің жан айғайы.
 
Сондықтан да денсаулық сақтау саласын, дәрігерлердің біліктілігін қанша көтергенімен, халықтың денсаулығының жақсаруы, ең алдымен, әр адамның өз басына байланысты.

Контактілер