Мақалалар

Жастар арасында обырдың 17 түрімен сырқаттану артып келеді

Сырқаттың ең үлкен өсуі қалқанша без және бауыр обыры бойынша байқалады.

Жастар арасында обыр ауруы белсең алуда. Американдық онкология қоғамының жақында жүргізген зерттеуі көрсеткендей, жастарда онкологиялық аурудың 17 түрі күн санап артып келеді. Бұл туралы ABC News хабарлайды.

1920 жылдан 1990 жылға дейін туылған адамдардың деректерін талдауға негізделген зерттеу X ұрпағы (1964 жылдан 1980 жылға дейін туған) мен миллениалдар (1981 жылдан 1996 жылға дейін туған) арасында обыр ауруларының айтарлықтай өскенін анықтады.

Асқазан, жіңішке ішек, сүт безі, аналық без, бауыр, өт жолдары, сондай-ақ колоректальды обыр сияқты қатерлі ісік ауруларының көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады. Сонымен қатар, тізімге жатырдың, аталық бездің, өт қабының, бүйректің, ұйқы безінің және қан обырының әртүрлі түрлері кірді. Бұл қатерлі ісіктердің кейбіреулері бұрын тек аға буынға тән болған, бірақ қазір жастар арасында жиі анықталады.

Әйелдерде қалқанша безінің, ұйқы безінің, бүйректің, жіңішке ішектің және бауырдың қатерлі ісігі ең жылдам қарқынмен өсуде, бұл 1950 жылдары туылғандармен салыстырғанда әсіресе 1990 жылы туылған адамдар арасында байқалады.

Жастар арасында обыр ауруы көбеюінің ықтимал себептеріне семіздік, алкоголь, өңделген тағамдар тұтыну және физикалық белсенділіктің төмендеуі сияқты факторлар жатады. Дегенмен, бұны түсіндіретін нақты деректер әлі жоқ. Ғалымдар бұл мәселе қосымша зерттеулерді қажет ететінін мойындайды.

Үрейлі тенденцияларға қарамастан, зерттеудің оң жақтары да бар.

Сонымен, жастар арасында темекі шегу салдарынан туындайтын обыр ауруы, яғни, өкпе обыры азайған. Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның арқасында жатыр мойны обырының саны да азаяды. Емдеу әдістерінің жақсаруы лейкемия мен миеломадан болатын өлім-жітімнің төмендеуіне әкелді.

Дереккөз: РБК Life

Контактілер