Мақалалар

Салауатты өмір салтына "Иә!" де!

Салауатты өмір салтына "Иә!" де!
 
Салауатты өмір салты – бұл адамның денсаулығын сақтауға және жақсартып, нығайтуға көмектесетін мінез-құлық пен әдеттер. Физикалық және психикалық түрде денсаулыққа қамқорлық жасай отырып, әртүрлі аурулардың алдын алуға, проблемаларды, стресстерді жеңуге және өмірден ләззат алуға болады.
 
Салауатты өмір салтының негізгі компоненттеріне мыналар жатады:
1. Жаман әдеттердің болмауы;
2. Дұрыс тамақтану;
3. Дене белсенділігі;
4. Салмақты бақылау;
5. Стрессті басқару;
6. Демалыс, сау ұйқы.
 
Денсаулыққа көптеген факторлар әсер етеді, олардың кейбірін бақылау да ұстау мүмкін емес (генетика мен жас). Дегенмен, денсаулығыңызды жақсарту жолында және ұзақ өмір сүру үшін өмір салтыңызға түрлі өзгерістерді енгізе аласыз. Салауатты өмір салтын ұстануды бастау – ешқашан кеш емес!
 
Салауатты өмір салтының негізгі компоненттерге негізделген әрекеттер тізімі:
1. Дұрыс тамақтаныңыз;
2. Су ішіңіз;
3. Физикалық белсенді болыңыз;
4. Шамадан тыс күн сәулесінен аулақ болыңыз
5. Жағымды эмоцияларды алыңыз;
6. Оны асыра пайдаланбаңыз;
7. Жаман әдеттерді сау әдеттерге ауыстырыңыз;
 
Бұл кеңестер денсаулыққа қатысты мәселелерден аулақ болуға және дененің жағдайын айтарлықтай жақсартуға көмектеседі.
 
Ұзақ және бақытты өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
 
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

Контактілер