Жеті зиянды психологиялық әдет
Олар сізді тұтқынға алып, мақсатқа жетуіңізге бөгет болуы мүмкін.
Өзін-өзі алдаудың тұтқыны
Көбіне "қал қалай" деген сұраққа, біз шындыққа сәйкес келмесе де, "жақсы" деп жауап береміз. Біреу мұны сыпайылықтың белгісі ретінде айтады. Біреу өмірінде расында да бәрі жақсы емес екенін сезінуден қорыққаны үшін. Өзіңізді алдамаңыз! Өміріңізде проблема бар екенін мойындап, оларды шешуге тырысыңыз, сонда сіздің өміріңіз жақсы жағына қарай өзгереді.
Қиялдардың тұтқыны
Егер алға қойған мақсатыңыз бар болса және Сіз оған ерте ме, кеш пе, жететініңізге сенсеңіз, бұл тамаша ғой! Мұндай жағдайда сіздің міндетіңіз - сөзден іске көшу. Есіңізде болсын, сізге дейін өмір сүрген мыңдаған адам бай, атақты болғысы келді, бірақ болмады, өйткені өзінің арманына жету үшін еш қандай әрекет жасаған жоқ. Олардың қателігін қайталамаңыз, сіз әрекет етуді бастамайынша, ештеңе өзгермейді.
Бұрынғы қателіктердің тұтқыны
Бұрынғы қателікті қайта жасаудан қорқу - адамның қазіргі уақытта белгілі бір іс-әрекеттер жасауына бұғау салатын фактор. Мұны болдырмау үшін талдау жасау қажет. Отырыңыз да, бұл қателікті неге жасадыңыз, оны қайталамас үшін не істеу керек деген сұрақтар төңірегінде ой жүгіртіңіз. Талдай білу - пайдалы дағды, оны тәжірибеде қолданыңыз, ол ақылды шынықтырып, адамды дана етеді.
Өзгерістерден қорқудың тұтқыны
Сіз өзгерістерден қорқып, өміріңіздің ыңғайлы аумағынан шыққыңыз келмейді ме? Бекер. Өзгерістер бәрібір болады, ал ол өзгерістер қандай болады - оң не теріс пе, ол сіздің іс-әрекеттеріңізге, ішкі ниетіңізге және өмірдегі көзқарасыңызға байланысты.
Уайым мен алаңдаушылықтың тұтқыны
Уайым мен алаңдаушылық күйзелістің себебіне айналуы мүмкін, ал бұл денсаулыққа зиянын тигізеді. Сондықтан сәтсіздікке қатты көңіліңізді түсірместен, сол әрекетті ақылға салып, қайталасаңыз, бәрі сәтті өтері анық.
Өзін құрбан ету әдетінің тұтқыны
Өз мүдделеріңіз, уақытыңызды басқалар үшін жиі құрбан етесіз бе? Сізге бұл ұнайды ма? Егер бірінші сұраққа сіз ия деп жауап беріп, екіншісіне жоқ десеңіз, сіздің көмегіңізге шынымен мұқтаж болған жандарға ғана көмектесуге кеңес береміз. Мейірімді болыңыз, алайда, өз өміріңізді, белгілеген мақсатыңызды ұмытпаңыз, болашағыңызды ойлаңыз.
Жаман ойлар тұтқыны
Ойлардың шындыққа айнала білу қасиеті бар. Ең қызығы, бұл көбіне жаман ойларға қатысты. Қорқып кеттіңіз бе? Ал, енді, талдап көріңіз, нені ойлайсыз, сіздің ойларыңыз қандай? Өзіңіз ойлағандай өмір сүргіңіз келеді ме? Жоқ болса, жаман ойдан арылыңыз, оңтайлы ойлануды дамытыңыз. Айтпақшы, осы дағдыны үйренгеннен соң, сіз ескі өкпе-реніштен арыласыз, сол сияқты үрейлер мен жасқаншақтық та азая түседі.
Өзіңізді күтіңіз және деніңіз сау болсын!