Жазда белсенді таралатын тері аурулары
Жаз мезгіліндегі жоғарғы температура адамдарға қолайсыздық тудырып ғана қоймай, түрлі тері аурулардың пайда болуына және оңай таралуына әсер етеді.
Дәрігерлердің айтуынша, жазда теріні күту басқа мезгілге қарағанда қиынға соғатын көрінеді. Себебі, жиі терлеу – денеде түрлі микроағзаның көбеюіне, безеудің, жараның пайда болуына ықпал етеді. Сондай-ақ, бұл уақытта бактерия оңай тарап, теміреткі, тері, тырнақ саңырауқұлақтары (адамдарға қиындықтар мен қобалжулар әкелетін жұқпалы ауру) секілді ауру түрлері пайда болады.
Сондықтан мамандар сағат 10:00 мен 16:00 аралығында мейлінше күннің астында жүрмеуге және де сәуледен қорғайтын кремді күнделікті қолдануға кеңес береді. Сыртқа шыққан уақытта жеңі ұзын, жеңіл, жабық киім киіп, баскиімсіз шықпаған дұрыс. Ең бастысы жеке гигиенаны қатаң сақтау қажет.
Айта кетейік, тері аурулары түрлі сипатта болуы мүмкін. Сондықтан дерматолог дәрігерінің қаралымынан өтпей жатып, өздігіңізден диагноз қойып, түрлі мазь жағудың қажеті жоқ. Ол тек аурудың асқынып кетуіне әсер етуі мүмкін. Сол үшін жаз мезгілінде күннен қорғанып, сақтық шараларын ұстанып, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарастырған абзал.
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады.