Мақалалар

Тамақтан уланулардың алдын алу бойынша ұсыныстар

Тамақтан уланулардың алдын алу бойынша ұсыныстар
 
Дәрігерлер тағамдарды дұрыс таңдау және дайындаудың негізгі ережелерін сақтауды ұсынады. Тамақты сатып алудан бастап, жеп-ішуге дейінгі барлық кезеңдерде қолданылатын алдын-алу шаралары тамақтан улану ықтималдығын едәуір төмендететінін ұмытпаңыздар:
 
- азық-түлік өнімдерін тек бөлшек азық-түлік саудасының белгіленген орындарында және олардың сәйкестігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда ғана сатып алыңыз;
- шығу тегі белгісіз, атауы, құрамы туралы ақпаратсыз, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары, сондай-ақ үйде дайындалған тамақ өнімдерін сатып алмау керек;
- өндіруші мәлімдеген сақтау шарттарының сақталуына ерекше назар аудару қажет;
- салаттар, туралған ет пен балықтан жасалған бұйымдар, үйде құйылған желе, тағамның қалдықтарын бір тәуліктен артық сақтамау үшін аз мөлшерде дайындаңыздар;
- ең қауіпті, сақтау мерзімі 3 сағаттан аспайтын, көп компонентті салаттар, әсіресе майонезі бар, сондай-ақ кілегей қосылған кондитерлік, туралған ет өнімдері, және т. б.
- жаңа піскен тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыздар. Егер дайын тағам басқа күні қалса, қолданар алдында оны термиялық өңдеу, қайнату, қуыру керек;
- үйде ыстық және суық тағамдарды дайындаған кезде жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтап, ас үйдің тазалығын қадағалаңыздар;

Контактілер