Бүкіл әлемде ҚЖА өлімнің негізгі себебі болып табылады, олар ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша жыл сайын шамамен 18 млн. адамның өмірін қияды. Бүгінде еңбекке қабілетті жастағы әр оныншы қазақстандық ҚЖА-ның кез келген түріне шалдыққан және әр екінші өлім осы аурулардың себебінен болады.
ҚЖА-бұл жүректің ишемиялық ауруы, ми қан тамырлары ауруы, ревматикалық жүрек ауруы және басқада жүрек патологияларды қамтитын жүрек және қан тамырлары ауруларының тобы. Бес өлімнің төртеуінен астамы инфаркт және инсульт сияқты ҚЖА асқынуларының нәтижесінде болады, олардың шамамен үштен бір бөлігі мерзімінен бұрын, яғни 70 жасқа дейін болады.
ҚЖА дамуының қауіп факторларын екі топқа бөлуге болады:
Басқарылмайтын (биологиялық) факторлар: тұқым қуалаушылық (жақын туыстарының ауруы тәуекелді 25% - ға арттырады), еркек жынысы (40-70 жаста, ерлердің тек 8% - артериялар атеросклерозбен зақымдалмаған, әйелдерде - 52%), егде жас (65 және одан жоғары).
Басқарылатын факторлар (өмір салтына байланысты): тамақтанудың бұзылуы, семіздік, қандағы холестериннің жоғарылауы, қант диабеті, гипертония, темекі шегу, гиподинамия, алкогольді шамадан тыс пайдалану, стресске ұшырау.
Мінез-құлық қауіп факторларының әсері жоғары қан қысымы, қандағы глюкоза мен липидтердің жоғарылауы, артық салмақ немесе семіздік түрінде көрінуі мүмкін. Бұл «аралық қауіп факторлары» жыл сайынғы кешенді профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткен кезде анықталуы мүмкін және инфаркт, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі және басқа асқынулар қаупінің жоғарылауын көрсетеді.
Жүрек пен қантамыр саулығы үшін ұсынылатын тамaқтану рационы.
Есіңізде болсын! Темекі тартпау, тұзды тұтынуды азайту, жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыну, тұрақты физикалық белсенділік және алкогольді асыра тұтынудан бас тарту ҚЖА даму қаупін төмендететіні дәлелденген!
дереккөз: https://bmcudp.kz/