Мақалалар

Рактың алғашқы белгілері

Рактың алғашқы белгілері
 
Негізі «рак» деген ауру жоқ. Бұл терминмен қарапайым жасушалар дұрыс көбеймеуі, жылдам өсетін ісік қалыптастырушы және көрші органдарды зақымдай алатын 200-ден аса түрлі ауруларды атайды. Әлем бойынша рактан болатын өлім көрсеткіші өте жоғары.
 
Кез келген ауру секілді қатерлі ісікті де бастапқы стадияда анықтаған дұрыс. Мысалы, жатыр мойыны қатерлі ісігі соңғы стадияда анықталса, емделушінің тағы бес жыл өмір сүруі 15%-ды да құрамайды. Алайда егер ауру уақытында анықталса, бұл көрсеткіш 93%-ға дейін артады.
 
Ауру ошағы кез келген органда орналасуы және түрлі пішінде болуы мүмкін. Дегенмен, мына белгілерді байқаған бойда дәрігерге көріну ұсынылады:
 
  • Түйіншектердің пайда болуы, тіндердің ісінуі. Қатерлі ісіктер әсіресе бастапқы кезеңдерде ауырмайды. Мойынға, қолтыққа, әйелдердің сүтті бездеріне, ерлердің атабезіне аса мән беру керек.
  • Созылмалы жөтел, демікпе немесе жұтыну кезіндегі қиындықтар.
  • Ішектердің үйреншікті жұмысындағы өзгерістер. Кенеттен басталған іш қатулар немесе керісінше, жиі іш өту. Әсіресе, дәреттен қан іздерін байқасаңыз, бірден дәрігерге көрініңіз.
  • Күтпеген жерден қан ағу. Қынаптан қан түріндегі бөліністің шығуы, зәрде немесе жөтелгенде қақырықта қанның болуы.
  • Себепсіз салмақ тастау. Егер кенеттен және аз уақыт аралығында (бірнеше айда) біраз арықтағаныңызды байқасаңыз, бұл уайымдауға себеп. Бұлай жылдам салмақ тастау рактан басқа қалқанша без жұмысының бұзылуын немесе диабеттің дамуын білдіруі мүмкін.
  • Дұрыс ұйықтап жүрсеңіз де, созылмалы шаршау және әдеттегі нәрселерге мүлдем күшіңіздің жетпеуі.
  • Түсініксіз ауырсыну. Ол түрлі сипатта және мерзімде болуы мүмкін.
  • Жаңа меңдердің пайда болуы немесе бар меңдердің өзгеріске ұшырауы. Олардың өлшемі, пішіні немесе түсі өзгеруі мүмкін. Меңнің беті қатып кетуі және одан ірің шығуы да мүмкін.
  • Зәр шығару проблемалары.
  • Омыраудың өзгеріске ұшырауы.
  • Тәбеттің жоғалуы. Егер тамақты әдеттегіден аз жейтін болып кетсеңіз, тәбетіңіз жоғалып кетсе, ол да ойландыратын белгі.
  • Жазылмайтын жара. Ол әсіресе ауыз қуысында кездеседі.
  • Созылмалы қыжыл немесе жүйелі түрде асқорыту бұзылулары: жүрек айну, құсу, іштің кебуі және т.б.
  • Түнгі тершеңдік.

 

 
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
 
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады.

Контактілер