Псориаз — теріде қатты, қабыршақты қызыл немесе ақшыл дақтар арқылы көрінетін, жиі кездесетін аутоиммундық ауру. Әдетте дақтар тізеде, бас терісінде, шынтақта және арқада болады. Физикалық аспектілерден басқа, псориаз адамдардың әл-ауқаты мен өмір сапасына әсер етуі мүмкін.
Оны жұқпалы деп ойлайтын адамдар бар. Дегенмен, ол қате түсінік. Бұл — аутоиммунды ауру. Яғни, иммунды жүйе қалыпты жұмыс істемейді дегенді білдіреді. Ауруды бірге тамақ ішкеннен, байланысқаннан немесе сауна, бассейнде жұқтырып алу мүмкін емес.
Псориаз — жай ғана терінің құрғау емес.
Адам терісінің құрылысы жылдам өзгереді. Әдетте әрбір 28 күн сайын жаңарып отырады. Дегенмен псориаз кезінде бұл процесс жылдам жүреді. Жаңаруға небәрі 4-5 күн керек. Бұл уақыт аралығында тері жарсушалары толық жетілі үлгермейді. Сол себепті олар қабыршаққа айналады. Қан-тамырлар да теріге жақындай түседі, сол себепті қанталау немесе ауырсыну сезімі болады.
Қазіргі уақытта псориазды емдейтін дәрі жоқ. Дегенмен дерматологтар псиориазды бақылауда ұстап, оны емдеудің бірнеше жолын ұсынып жатады. Әдетте олар толықтай емдемесе де, белгілерін жояды. Бір уақыттағы тері қозуын баяулатады.
Псориазды емдеу үшін диетаны дұрыстау керек
Әзірге мамандар бұны растайтын дәлел таппады. Көп адамдар псориаздың шығуын тағам түрімен байланыстырады. Алайда псориаздың шығуына әсер ететін факторлар өте көп әрі белгілері де түрлене береді. Сол себепті оны тек тағаммен байланыстыруға болмайды.
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады.