Күзгі-қысқы кезеңде ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бірнеше маңызды аспектілерді қамтиды:
1. Вакцинация:
Тұмаудан қорғанудың негізгі тәсілі – вакцинация. Эпидемиялық маусым басталмай тұрып, екпені алдын ала алған жөн.
2. Гигиена:
o Қолды сабынмен жиі жуу.
o Қолды жуу мүмкін болмай қалған жағдайда антисептиктерді пайдалану.
o Бетке (көзге, мұрынға, ауызға) қол тигізуден аулақ болу.
3. Иммундық жүйені нығайту:
o Витаминдер мен минералдарға бай теңгерімді тамақтану.
o Жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу.
o Жиі физикалық жаттығулар жасау және таза ауада серуендеу.
o Ұйқы режимін сақтау: Толыққанды ұйқы организмнің инфекцияларға қарсы тұруына көмектеседі.
4. Адамдардың көп жиналатын жерлерінен аулақ болу:
Эпидемия кезеңінде көпшіліктің жиналатын орындарынан және шаралардан мүмкіндігінше қашу.
5. Ғимараттағы тазалық:
Адам көп жиналатын орындарды үнемі тазалап, желдетіп тұру.
6. Бетперде пайдалану:
Көп адамның жиналатын жерлерінде бетперде тағу – жұқтыру қаупін төмендетуге көмектеседі.
7. Ауруларды емдеу және алдын алу:
Суық тию немесе тұмаудың алғашқы белгілері байқалғанда дәрігерге жүгініп, оның кеңестерін міндетті түрде орындау қажет.
Осы қарапайым ұсыныстарды сақтау ЖРВИ және тұмау қаупін төмендетуге көмектеседі.