Тұмау – жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) бір түрі. Бұл көбінесе балаларда (әсіресе ерте жаста), қарт адамдарда (60 жастан асқан) және созылмалы ауыр жүрек аурулары бар науқастар да (жүрек ақаулары, жүректің ишемиялық ауруы, ауыр артериялық гипертензия) және өкпе ауруларында (бронх демікпесі, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы) ауыр түрде өтеді.
Тұмаудан қорғану арнайы профилактиканы, яғни вакцинациялауды, спецификалық емес профилактиканы, дәрілік препараттарды пайдалануды, инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды (науқастарды сау адамдардан оқшаулау, жеке қорғану құралдарын пайдалану (маска кию), сондай-ақ сауықтыру және жалпы нығайту іс-шараларын жүргізуді көздейді.
Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – жоғарғы тыныс жолдарының вирустық ауруларының кең таралған тобы, ауру барысында бактериялық инфекция да қосылуы мүмкін. Негізгі белгілері: мұрыннан су ағу, жөтелу, түшкіру, бас ауруы, тамақ ауруы, шаршау.
ЖРВИ ауруының алдын алудың негізгі шаралары –дұрыс тамақтану, алкоголь мен темекі шегуден бас тарту, гипотермиядан (бұл суық температураның ұзақ әсерінен туындаған әдеттен тыс төмен дене температурасы) аулақ болу. Сондай-ақ, бөлмені үнемі желдету – ауа тамшылары арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алады. Жеке гигиена ережелерін де есте ұстаған жөн.
Сонымен қатар ауырып жүрген адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз (көбінесе түшкіру, жөтелу, мұрыннан су ағу). Эпидемия кезінде мейлінше адамдар көп шоғырланатын жерлерге бармауға тырысыңыз.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіз!