Мақалалар

Дұрыс тамақтану ережелері

1. Түрлі тағамдарды тұтынған жөн. Себебі азық-түліктерде әртүрлі тағамдық комбинациялар бар.
 
2. Тамақтану уақытында тағамдардың кез келгенін жеу керек: нан, жарма және макарон өнімдері, күріш, картоп. Себебі, олар ақуыздың, көмірсулардың, талшықтардың және минералдардың (калий, кальций, магний), витаминдердің (С, В6, каротиноидтар, фолий қышқылы) маңызды көзі болып табылады.
 
3. Күніне бірнеше рет түрлі көкөністер мен жемістерді жеу керек. Әсіресе, жергілікті өндірілген өнімге басымдық беру керек.
 
4. Сүт өнімдерін (айран, қышқыл сүт, ірімшік, йогурт) күнделікті тұтыну керек.
 
5. Ет өнімдерін бұршақ, балық, құс еті, жұмыртқа немесе майсыз етке ауыстыру керек. Ет өнімдерінде және шұжық құрамында қаныққан май бар. Майдың бұл түрі қандағы холестерин деңгейін және жүректің ишемиялық ауру қауіпін арттырады.
 
6. Жарма мен бутербродтағы «көрінетін майды» тұтынуды шектеп, майы аз ет пен сүт өнімдерін таңдау керек.
 
7. Қантты тұтынуды шектеу керек: тәттілер, кондитерлік өнімдер, тәтті сусындар, десерт.
 
8. Ас тұзының жалпы тұтынуы оның нандағы, консервіленген және басқа тағамдардағы құрамын ескере отырып, тәулігіне 1 шай қасықтан (6 грамм) аспауы керек. Йодталған тұзды пайдалану ұсынылады.
 
9. Адамның қалыпты дене салмағы ұсынылған шекараларға сәйкес келуі керек (BMI – 20 - 25). Сондай-ақ физикалық белсенділіктің қалыпты деңгейін сақтау қажет.
 
10. Күніне 2 порциядан артық алкоголь ішуге болмайды (1 порцияда шамамен 10 Г таза алкоголь бар). Жоғары дозалар, тіпті бір рет қабылдағанда да, ағзаға зиянды.
 
11. Өнімдерді бумен пісіріп, қайнатқан абзал. Пісіру процесінде май, тұз, қант қосуды азайтыңыз.

Контактілер