Мақалалар

Ана сүті: бала мен ана денсаулығына тигізер пайдасы

Ана сүті: бала мен ана денсаулығына тигізер пайдасы
 
❇️Нәрестені туғаннан бастап 23 айға дейін жақсылап емізу – жыл сайын бүкіл әлемдегі 820 мың баланы құтқаруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында бала емізуге үлкен мән беріледі.
❇️Емізу - бұл ананың баламен эмоционалды байланысын күшейтетін, баланың психофизикалық дамуына жақсы әсер ететін маңызды процестердің бірі.
❇️Болашақ аналарды бала емізуге дайындау әйелдің жүктілік кезеңінде оның организмінің физиологиялық өзгерістерін, баланы кеудеге жатқызу тәсілдерін және тамақ берудің жалпы қағидаларын түсіндіруден басталады.
❇️Бала емізудің артықшылықтарына қарамастан, Қазақстанда 6 айға дейінгі балалардың тек 37.8% -ы ғана ана сүтін емеді.
❇️2006 жылдан бастап Қазақстанда 6 айға дейінгі сәбилерді тек қана ана сүтімен емізу көрсеткіштері 16.8% -дан 2015 жылы 37.8% -ға дейін ұлғайды, қалалық жерлерде 6 айға дейінгі балаларды тек ана сүтімен емізу ауылдық жерлерге қарағанда кең таралған (34,4% және тиісінше 29,2%). Қалаларда 1 жастағы және одан жоғары жастағы ана сүтімен қоректенетін балалардың пайыздық арақатынасы ауылдарға қарағанда жоғары.
 
Ана үшін емізудің пайдасы:
©️ Босанғаннан кейін организмннің қалпына келу процесін тездететін окситоцин түзілуінің жоғарылауы;
©️ Ананың стресске төзімділігін арттыру, босанғаннан кейінгі күйзелісті азайту;
©️ Сүт безі қатерлі ісігінің пайда болу қаупін азайту;
• Постменопаузадағы остеопороз дамуы және сүйек сынуы қаупінің төмендеуі;
• Жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабетінің даму қаупін азайту.
 
Балаға пайдасы:
©️ Жұқпалы аурулардан қорғауды қамтамасыз ету.
®️ Асқазан-ішек жолдарының жетілуін және моторикасын дамыту.
• Ішек микрофлорасын сау қалпында қалыптастыру.
• Дұрыс тамақ жемеудің қалыптасу ықтималдығын азайту.
• Жіті респираторлық аурулардың жиілігін төмендету.
• Когнитивті және сөйлеу дамуын жақсарту.
• Ана мен баланың эмоционалды байланысын жақсарту.
• Зәр шығару жолдары инфекцияларының жиілігін азайту.

Контактілер