Мақалалар

КӨРУ ҚАБІЛЕТІН УАҚЫТЫНДА ТЕКСЕРУ – КӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

КӨРУ ҚАБІЛЕТІН УАҚЫТЫНДА ТЕКСЕРУ – КӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Көз – адамның өміріндегі ең маңызды сезім мүшелерінің бірі. Көптеген ақпаратты біз көз арқылы қабылдаймыз. Сондықтан көру қабілетін сақтау – жалпы денсаулықтың маңызды бөлігі.

Неліктен көзді уақытында тексеру маңызды?

- Көрудің төмендеуі бірден байқалмауы мүмкін.  

- Көз ауруларының кейбір түрлері (мысалы, глаукома) белгілерсіз дамып, тек кеш кезеңінде анықталады.  

- Балаларда көру бұзылыстары оқу үлгеріміне, назарға және жалпы дамуына кері әсер етеді.  

- Ересектерде көздің шаршауы, көрудің бұлыңғырлануы – компьютерлік көз синдромының белгілері болуы мүмкін.  

 

Көзді қаншалықты жиі тексеру керек?

- Балаларға – жылына 1 рет  

- Ересектерге – әр 1-2 жыл сайын  

- Қант диабеті, гипертония секілді аурулары бар адамдарға – жиірек  

 

Көз ауруларының алдын алу және ерте анықтау – көз көруін сақтаудың кепілі.  

 

Көзіңіз – сіздің терезеңіз. Оны қорғаңыз!Б

Бүгін көру тексеруден өтіңіз! 

Мұндай тексеруді Сіз клиникада «Айгерим» сапалы және заманауи жабдықта өте аласыз.

Контактілер