Бүгінгі таңда көптеген адамдар тек ауырған кезде ғана дәрігерге қаралады. Алайда денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы – аурудың алдын алу және ерте анықтау. Бұл ретте терапевт – бірінші көмекші.
Неліктен терапевтке бару маңызды?
- Терапевт – дененің жалпы жағдайын бағалайтын маман.
- Қан қысымын, жүрек соғысын, дем алуды тексеріп, ағзадағы алғашқы өзгерістерді анықтай алады.
- Көптеген созылмалы аурулар (гипертония, қант диабеті, жүрек-қантамыр жүйесі бұзылыстары) бастапқы кезеңде еш белгі бермейді.
- Ерте анықталған мәселені емдеу әлдеқайда жеңіл әрі тиімді.
Қашан терапевтке бару керек?
- Жылына кемінде 1 рет профилактикалық тексеруден өту
- Бас ауруы, әлсіздік, жүрек қағысының бұзылуы, тәбет төмендеуі секілді белгілер пайда болса
- Созылмалы аурулармен тіркелген болсаңыз – тұрақты бақылау үшін
Денсаулық – ең қымбат байлық. Оны сақтаудың ең дұрыс жолы – уақтылы тексерілу.
Терапевт қабылдауын Сіз клиникада *«Айгерим»* өтіп, кәсіби кеңес пен тексеруден өте аласыз.