Пневмония және оның алдын алу
Пневмония және оның алдын алу
Пневмония – өкпе тінінің қабыну процесі. Оның негізгі қоздырғыштары –пневмококк, стафилококк, гемофильді таяқша, сондай-ақ "атипті" инфекциялар.
Бұл ауруға шалдыққан науқастарда әлсіздік пен ұйқышылдық пайда болады, асқа деген тәбеті болмайды, дене қызуы көтеріліп, жөтел қысады, дем алысы қиындап, қырылдаған дыбыс шығып, ентігеді және кеуде тұсы ауырады.
Өкпенің қабынуының жаппай өршуі ЖРВИ-нің қызу кезеңінде байқалады. ҚР - дағы профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы егулер енгізілген. Тұмауға қарсы екпе денені тұмаудан және вирустың ауыр асқынуларынан қорғайды. Пневмококк инфекциясына қарсы Вакцинация пневмонияның кейбір ауыр жағдайларының алдын алудың қауіпсіз және тиімді әдісі болып табылады.
ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың өрлеу кезеңінде спецификалық емес алдын алу шараларын қолдану ұсынылады:
- Адамдар көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте көп уақытын болмау;
- Қоғамдық жерлерде маска мен қолғапты пайдалану;
- Респираторлық аурудың белгілері бар адамдармен тығыз байланыста аулақ болу;
- Қолды үнемі сабынмен жуу, әсіресе көше мен қоғамдық көліктен кейін;
- Бөлмені үнемі желдетіп, ылғалдандыру;
- Құрамында С дәрумені бар тағамдарды мүмкіндігінше көп жеу (лимон, итмұрын және т. б.);
- Дәрігердің ұсынысы бойынша иммунитетті арттыратын препараттар мен құралдарды қолдану.