Мақалалар

Жүктілікті жоспарлау: дені сау баланы қалай дүниеге әкелуге болады?

Жүктілікті жоспарлау: дені сау баланы қалай дүниеге әкелуге болады?
 
Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін, ең алдымен, денсаулығыңызға қамқорлық жасауыңыз керек. Бұл тек анаға ғана емес, болашақ баланың әкесіне де қатысты.
Жүктілік – бұл жоспарлауды қажет ететін кезең!
 
Жоспарланған жүктілік басталғанға дейін сіз төменде көрсетілген сақтық шараларын назарда ұстағаныңыз дұрыс:
• Болашақ жүктіліктің ықтимал қауіпін анықтау үшін гинекологпен кеңесіп, тексеруден өтіңіз;
• Міндетті шаралардың бірі – ерлі-зайыптылар инфекцияға қарсы (хламидиоз, трихомониаз, цитомегаловирустық инфекция, токсоплазмоз және т.б.) тексерілуден өтіп, олар анықталған жағдайда уақытылы емделуі керек;
• Жүктілік кезіндегі инфекциялардың ағымы ұрықтың мүшелері мен жүйелерінің ауыр зақымдануына, туа біткен ақаулардың пайда болуына әкелуі мүмкін;
• Ерлі-зайыптылардың терапевтке немесе жалпы тәжірибелік дәрігерге міндетті түрде барып, анықталған мәселелерді жүктілік басталғанға дейін шешу қажет болады. Егер сізде созылмалы ауру болса және диспансерлік есепте болсаңыз, сіздің жағдайыңыз бақылауда екеніне көз жеткізгеніңіз абзал;
• Міндетті түрде тіс дәрігеріне көрініңіз;
• Үйде және жұмыс орнында улы заттармен байланыста болудан аулақ болыңыз!
• Дұрыс тамақтаныңыз.
• Бала туылғанға дейін салмағыңызды қалыпқа келтіруге тырысыңыз, бірақ қатаң диеталарға жүгінбеңіз!
• Өзіңізді және жұбайыңызды жаман әдеттерден шектеңіз: темекі, алкоголь, есірткі және денсаулыққа зиян келтіретін заттардан аулақ болыңыз;
• Жүйке жүйеңізді қорғаңыз. Демалыңыз және алаңдамаңыз, стресстік жағдайларға тап болмауға тырысыңыз, бұл жүктіліктің басталуына кедергі келтіруі мүмкін.
• Генетикалық тексерілуден өтіңіз (отбасыңызда белгілі бір жағдай бар болса және оның сіздің өміріңізде орын алуына алаңдасаңыз, сіз генетикалық тестілеуді қарастыруыңыз керек). Генетик жүктілікке тыйым салмайды немесе рұқсатта бере алмайды және ештеңеге кепілдік бермейді, бірақ ол белгілі бір кемістігі бар баланың туылу қауіпін бағалай алады және өз шешіміңізді қабылдауға көмектеседі.
 
Әйелдің құрсағына сәби біткен уақытта оның қандай атмосферада өмір сүретіні, баламен психикалық және эмоционалды байланыс орнататыны маңызды. Бұл нәрестенің болашақ дамуының негізін қалап, көптеген ақаулардың алдын алады. Әйел үшін жүктіліктің барысы өте маңызды. Сол үшін де қозғалыс белсенділігін, тамақтануын, отбасындағы достық атмосфераны, гинекологқа баруды және жүктіліктің белгілі бір кезеңінде скринингтік тексеруді дұрыс ұйымдастыруы қажет.
 

«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметтерін, толық диагностиканы және тиімді емдеуді ұсынады!

«Әйгерім» клиникасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады.

Контактілер