Инсульт – ми қызметінің кенеттен жойылуымен немесе бұзылуымен сипатталатын, мидың жедел тамырлы патологиясынан туындаған аурулар тобы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бұл ауру планетаның ересек тұрғындарының өлімінің себептері арасында жүрек ауруы мен қатерлі ісіктен кейін үшінші орында тұр. Миокард инфарктісіне қарағанда инсульт жиі кездеседі.
Қауіп факторлары:
- кәрілік (әсіресе 65 жастан кейін);
- артериялық гипертензия (қысымның 7,5 мм сын.бағ. жоғарылауы ишемиялық инсульт қаупін екі есе арттырады!)
- қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы
- Атеросклероз
- Темекі шегу
- Қант диабеті
- Бұрынғы және бұрыннан бар жүрек аурулары, әсіресе жүрекшелердің фибрилляциясы, жүрекшелер фибрилляциясының миокард инфарктісімен үйлесуі.
Инсульт белгілері:
- бас айналу, тепе-теңдікті және қозғалысты үйлестіруді жоғалту;
- сөйлеудегі проблемалар;
- дененің бір жағында ұю, әлсіздік немесе салдану;
- көздің қараюы, екі жақты көру немесе заттардың бұлыңғырлануы;
- кенеттен қатты бас ауруы.
Егер жоғарыда аталған белгілер пайда болса, сіз жедел медициналық көмекке қоңырау шалуыңыз керек.
Инсульттің алдын алу:
- Жаман әдеттерден: темекі мен алкогольден бас тарту керек.
- Күн сайын физикалық белсенді болыңыз.
- Теңгерімді диетаны ұстаныңыз.
- Стресспен күресуді үйреніңіз.
Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және біздің ұсыныстарымызды орындаңыз!