Мақалалар

Неліктен тырнақтар сынғыш келеді?

Әйелдер қауымы үшін тырнақтың сынуы – үлкен мәселелердің бірі. Бірақ алаңдауға да себеп бар. Неліктен тырнақтар сынғыш келеді? Тырнақтың сынғыштығын болдырмау үшін қандай амал-әрекет жасау қажет?
 
Мамандардың айтуынша, тырнақтың сынуы – дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігінен, генетикадан, ас қорыту жүйесінің бұзылуынан және химиялық сұйықтықтың әсерінен туындайды. Тіпті, тұқым қуалауы да мүмкін екен.
 
Сондай-ақ, «Сұлулық – құрбандықты талап етеді» демекші, заманға сай әдемі, сәнді болуды жақсы көретін қыз-келіншектер тырнаққа түрлі маникюр жасатып жатады. Ол да тырнақтың беткі қабатының жұмсаруына, сынғыштығына әкеліп соқтырады. Айта кетейік, сұлулық салонына барған уақытта гигиеналық талаптардың сақталуына аса мән беріңіз. Ағзаға судың жетіспеуіде әсер етуі мүмкін. Себебі, бүкіл дененің қатты сусыздануы алдымен теріге, шашқа, содан кейін тырнақ пластиналарына әсер етеді.
 
Тырнақтың сынғыш болуына көңіл бөлмей уақыт өткізіп жүруге де болмайды. Дәрігердің тексерілуінен өтіп, себебін анықтау қажет. Салғырттықтың арты басқа да ауру түрлерінің пайда болуын үдетуі мүмкін.
 
 
«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметін, толық диагностиканы, тиімді емдеуді ұсынады!
 
«Әйгерім» емханасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады. 

Клиника Айгерим предлагает услуги высоквалифицированных врачей, полную диагностику, эффективное лечение!

Клиника Айгерим находится в г.Актобе, связаться с оператором колл-центра можно здесь.

Контактілер