Қатты аяз кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Метеорологтардың айтуынша, 25°C және одан төмен температура – қатты аяз деп саналады. Сол үшін бұл уақытта өзіңіз бен жақындарыңыздың сыртқа шықпағаны абзал. Әсіресе, созылмалы аурумен ауыратын қарт адамдар мен мас адамдарға көшеге шығу ұсынылмайды.
Қатты аяз кезіндегі қауіпсіздік шаралары:
1) Суықта 30 минуттан артық тұрмаңыз;
2) Қалың киініңіз (жылы аяқ киім, жүннен жасалған шұлық) ;
3) Бас киімсіз және шарфсыз аязға шықпаңыз;
4) Бір орында тұрмаңыз;
5) Саусақтарыңыздың сезімталдығын жиі қадағалап тұрыңыз;
6) Үсік шалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Аязға алғашқы көмек:
• дененің аязды аймағын жылытыңыз;
• денені уқалау арқылы қан айналымын қалпына келтіріңіз (егер аяз болмаса);
• жылы сусындар қабылдаңыз (шай, сүт, сорпа).
Өз денсаулығыңызға сақтықпен қараңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіз!