Көктем мезгіліне ағзаны қалай дайындау керек?
Қыстың қаһары басылып, көктемнің жайдары сезіле бастады. Енді қыстық киімдерді шешіп, көктемгі киімдерге ауысуға дайындықты бастау керек.
Мезгілдің ауысқан уақытын да сыртқы киімдер мен қоса ағзаны да дайындаған абзал.
Денеге «көктем» режиміне ауысуы үшін де уақыт қажет, сондықтан, бұл кезде диетаны қайта қарау керек.
Мамандардың айтуынша, диетадан майлы етті, тәттілерді, сары май мен нан өнімдерін біртіндеп алып тастап, осы тағамдарды көкөніс салаттарымен алмастыру керек.
Сонымен қатар күніне екі литрге дейін су ішіңіз. Қантты, газдалған, құрамында кофеин бар сусындарды аз ішіңіз, өйткені олар сусыздануды және шаршауды тудырады.
Жыл мезгілдері ауысқан уақытта тек тамақтануға ғана емес, дене белсенділігіне де ерекше назар аудару керек. Яғни, таза ауада көбірек уақыт өткізіп, серуендеп, спортпен айналысу қажет.