Мақалалар

Жаз мезгілінде тағамнан уланудың алдын алу: қарапайым қауіпсіздік ережелері

Жаз мезгілінде тағамнан уланудың алдын алу: қарапайым қауіпсіздік ережелері

 

Жаз — демалыс, табиғат аясындағы серуендер мен жаңа өнімдердің мол кезі. Алайда дәл осы уақытта тамақтан улану қаупі едәуір артады. Ыстық ауа райы зиянды бактериялардың тез көбеюіне жағдай жасайды.

 

Денсаулығыңызды сақтау үшін келесі кеңестерді ұстаныңыз:

 

1. Гигиенаны сақтаңыз:

Қолды тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін және шикі өнімдермен жұмыс істеген соң мұқият жуыңыз.

 

2. Тағамдарды дұрыс сақтаңыз:

Сүт өнімдері, ет, балық және дайын тағамдарды тоңазытқышта сақтаңыз. Тамақты бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз.

 

3. Тағамды жақсылап термиялық өңдеңіз:

Әсіресе ет, балық, жұмыртқа. Жеткілікті пісірілмеген тағамдар — бактериялардың көзі.

 

4. Жарамдылық мерзімі өткен немесе иісі мен дәмі күмән тудыратын өнімдерді тұтынбаңыз.

 

5. Тамақты кездейсоқ жерлерден немесе сақтау жағдайы жоқ орындардан сатып алмаңыз.

Әсіресе сүт және ет өнімдеріне, крем қосылған кондитерлік бұйымдарға абай болыңыз.

 

6. Тек таза немесе қайнатылған су ішіңіз.

Ашық су көздерінен су ішуден сақ болыңыз.

 

Денсаулық — тазалық пен ұқыптылықтан басталады!

Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз — жазды денсаулықпен өткізіңіз!

 

Контактілер