Мақалалар

Мойын остеохондрозындағы бас ауруы

Мойын остеохондрозындағы бас ауруы
 
Мойын остеохондрозы – тірек-қимыл аппаратының ең көп таралған ауруларының бірі. Бұрын мұндай диагноз егде жастағы адамдарға қойылатын. Бүгінде жас пациенттер де зардап шегуде.
 
Оның негізгі белгілеріне бастың ауруы, жүректің айнуы, естудің нашарларлауы, бет терісінің сезімталдығының жоғалуы жатады.
 
Остеохондроз омыртқааралық дискінің зақымдануынан басталып, айналасындағы барлық тіндерге әсер етеді. Уақыт өте келе, процесс тұтасымен омыртқаның биомеханикасының бұзылуына әкеледі. Остеохондроздың дамуымен омыртқааралық дискілер, нерв тамырлары мен қан тамырларының қысылуы пайда болуы мүмкін.
 
Егер бұл ауру уақытында емделмесе, оның салдарынан адамның ұйқысы бұзылып, депрессияға түседі және ми тамырларының аневризмасының жарылады. Бұл өлімге әкеледі.
 
Мойын остеохондрозындағы бас ауруларын емдеу – ауырсыну синдромын жеңілдетуге, қалыпты қан ағымы мен иннервацияны қалпына келтіруге, омыртқадағы дегенеративті процестерді бәсеңдетуге бағытталған.
Негізгі емдеуден кейін дәрігердің ұсыныстарын орындау және дене шынықтыруға, дұрыс демалуға жеткілікті уақыт бөлу – маңызды.
 
Бас ауруын қалай болдырмауға болады:
* ыңғайлы қалыпта ұйықтаңыз;
* өзіңізді толық демалыспен қамтамасыз етіңіз;
* әр сағат сайын мойын қыздырыңыз;
* дұрыс тамақтанып, артық салмақтан аулақ болыңыз;
* белсенді өмір салтын ұстаныңыз, мүмкіндігінше көп қозғалыңыз.
 

«Әйгерім» клиникасы жоғары білікті дәрігерлердің қызметтерін, толық диагностиканы және тиімді емдеуді ұсынады!

«Әйгерім» клиникасы Ақтөбе қаласында орналасқан, байланыс орталығының операторына осы жерден хабарласуға болады.

Контактілер