Газдалған сусындардың денсаулыққа зияны
Қазіргі уақытта адамдардың көбі газдалған сусындардың зиянын біле тұра тұтынады. Тіпті, кейбірі түскі, кешкі астан кейін газдалған сусындарды ішу — астың оңай қорытылуына жақсы септігін тигізеді деп тәуелді болған.
Осы орайда, газдалған сусындардың ағзаға тигізер зиянына кеңінен тоқталсақ:
1. Семіздік: Газдалған сусынның бір құтысы жарты келі салмақ қостыртады;
2. Газдалған сусындардың құрамындағы көп мөлшердегі қант пен қышқылдар —тіс эмалін бұзады.
3. Құрамында фосфор қышқылының көп болуына байланысты бүйрекке тас жиналады;
4. 1 құты газды тәтті сусын инфарктың пайда болу қаупін 20 пайызға арттырады. Сондай-ақ, жүрек жұмысына, қан қысымына кері әсерін береді;
5. Артрит, остеохондроз ауруына душар етуі әбден мүмкін;
6. Газды сулардың құрамында бисфенол-А деген компонент болады. Ол обыр ауруына душар етеді.
Зиянды тағамдар мен сусындардың ағзаңызға тигізер салдарын біле тұра тұтыну — өз-өзіңізге ауру шақырғанмен тең. Сондықтан да, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген дұрыс болар.