Мақалалар

Эпилепсия туралы

Эпилепсия (қояншық) – ұстамалы аурулардың бір түрі. Ол ми жарақатынан, мидың қан айналымының бұзылуынан, менингит аурының салдарынан туындайды. Сондай-ақ, бұл дерт – тұқым қуалау жағдайларында, туа біткен уақытта және жүре келе пайда болады.
 
Эпилепсия ауруына шалдыққан пациенттің денесі сіресіп, көгереді, басы ауырып, меңзең болады, мінез-құлқы бұзылып, есінен талып қалады. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен кейін осы істегендерінің біреуі де есінде қалмайды. Ауру асқынған сайын жиі қайталанып, науқас адамның мінезі, жүріс-тұрысы, ой-өрісі өзгеріп, ойын дұрыстап жеткізе алмайтын күйге түседі және ұмытшақ болып, болмашы нәрсеге ренжиді.
 
Дәрігерлердің айтуынша, эпилепсия диагнозы қойылған емделушілер ас мәзіріне аса мән беріп, ұйқы режимін дұрыстап, диета сақтауы тиіс. Эмоционалдық және психологиялық шиеленісті тудыратын жағдайлардан бойын аулақ ұстаған абзал.

Контактілер