Мақалалар

Диабеттік ретинопатия дегеніміз не

Диабеттік ретинопатия – қант диабетінің асқынуы салдарынан көздің тор қабығындағы қан тамырларының зақымдануы. Бұл ауру көру қабілетінің біртіндеп нашарлауына және емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін.

 

Диабеттік ретинопатияның кезеңдері:

 

1. Пролиферативті емес ретинопатия – бастапқы кезең, бұл кезде көздегі қан тамырлары зақымданып, көздің тор қабығында ұсақ қан кетулер мен ісінулер пайда болады.

2. Пролиферативті ретинопатия – кеш кезең, тор қабықта жаңа, қалыптан тыс қан тамырларының өсуі байқалады, бұл қан құйылуына және тор қабығының ажырауына әкелуі мүмкін.

 

Негізгі операция түрлері:

 

1. Лазерлік коагуляция – тор қабықтағы ақаулы қан тамырларын лазермен күйдіріп, олардың одан әрі зақымдануын тоқтатады.

 

2. Витрэктомия – шыны тәрізді денені алып тастау операциясы, көбінесе қан құйылғанда немесе тор қабығы ажырағанда қолданылады.

 

3. Дәрілік инъекциялар – көз ішіне дәрі енгізу арқылы ісікті азайтып, жаңа қан тамырларының өсуін тежейді.

 

Операция көрсеткіштері:

  1. Көру қабілетінің нашарлауы
  2. Шыны тәрізді денеге қан құйылуы
  3. Макула ісігі (тор қабықтың орталық бөлігі)
  4. Тор қабықтың жыртылуы немесе ажырауы

Диабеттік ретинопатияны ерте кезеңде анықтап, емдеу көру қабілетін сақтап қалмектеседі.

 

Контактілер