Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) балалар арасында ең көп таралған ауру болып табылады. Бұл уақытта тыныс алу жолдары зардап шегеді, сондықтан оларды тыныс алу аурулары деп атайды.
ЖРВИ-нің ішіндегі ең қауіптісі – тұмау. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 1-3 күнге дейін.
Тұмау – 2 жасқа дейінгі балалар мен созылмалы аурулары бар 65 жастан асқан қарттар үшін қауіпті. Жүкті әйелдер де тәуекел тобына енеді.
Дәрігерлердің айтуынша, аурудан сақтанудың ең тиімді жолы –
жыл сайын тұмауға қарсы вакцина салдыру. Ол иммунитетті көтеріп, аурудың таралуын тоқтады.
Тұмау және басқа өткір респираторлық вирустық инфекциялар мен аурушаңдықтың өсу кезеңінде профилактиканың жалпы шараларын сақтау қажет:
- қолды сабынмен жиі жуу, әсіресе жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін;
- пәтерді, үй-жайларды жиі желдету, сондай-ақ дымқылдатып тазалау жүргізу;
- далаға шықпас бұрын мұрын жолдарына оксолинді жақпа жағу, бұл вирустардың тыныс алу жолына енуіне жол бермейді;
- жеке қорғаныш бетперделерін кию.
Негізінде, жаттығу жасау, спортпен шынығу, жақсы ұйықтау, дұрыс тамақтану, көкөністер, жемістер, табиғи шырындар, компоттарды тұтыну, суық тиюдің алдын-алу (ауа-райына сәйкес киім кию) – бұл сіздің денсаулығыңызға кепіл болатын факторлардың бірі. Сондықтан да, ауырғаннан ауырмаудың алдын-алу керек екенін ескертеміз. Сақтансаңыз – сақ боласыз!