Мақалалар

Балалардағы Бронхит

Бонхит – бронхтардың қабынуы, яғни өкпеге ауаны жеткізетін тыныс жолдарының ауруы. Балаларда бронхит жиі кездеседі және көбінесе суық маусымдарда пайда болады. Ол жедел немесе созылмалы түрде болуы мүмкін.

 

Бронхиттің себептері:

1. Вирустық инфекциялар – бронхиттің ең жиі кездесетін себебі, мысалы, тұмау, ЖРВИ.

2. Бактериялық инфекциялар – кейде бронхит бактериялардан да туындауы мүмкін.

3. Аллергендер мен тітіркендіргіштер – түтін, шаң, ластанған ауа бронхитке себеп болуы мүмкін.

4. Иммунитеттің әлсіреуі – организмнің инфекцияға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.

 

Бронхиттің белгілері:

 

Құрғақ немесе ылғалды жөтел

Дыбысты тыныс алу (сырылдар)

Тыныс алудың қиындауы

Қызу көтерілуі

Шаршау, әлсіздік

 

Емдеу жолдары:

1. Демалыс және сұйықтық ішу – балаға көбірек сұйықтық беру және тыныштық сақтау маңызды.

2. Ингаляция – тыныс алу жолдарын ылғалдандырып, дем алуды жеңілдетеді.

3. Вирусқа қарсы немесе бактерияға қарсы дәрілер – қажет болған жағдайда, дәрігер тағайындайды.

4. Жөтелге қарсы және қақырық түсіретін дәрілер – жөтелді жеңілдетеді және қақырықты шығарады.

5. Физиотерапия – қақырықты шығарып, тыныс алуды жақсартуға көмектеседі.

 

Дер кезінде емдеу бронхиттің асқынуын болдырмауға және баланың тезірек сауығуына көмектеседі.

 

 

Контактілер