Денсаулық – ұлттың байлығы
Салауатты өмір салты дегеніміз — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.
Адам денсаулығының сау болуы - тек медицинаға ғана қатысты емес, сонымен бірге әр адамның өзіне тікелей қатысты. Спортпен айналысып, өз-өзіңді дұрыс жолға салу арқылы да денсаулығыңды реттеп, түрлі аурулардың алдын алып, сақтануға болады.
Сонымен қатар уақытылы және дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтынының бір бөлшегі.
Әркімнің өз денсаулығына дұрыс қарауы - медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі.
Денсаулық –ұлттың байлығы. Ұлттың дені сау болуы үшін әркім өз денсаулығына өзі жауапты қарап, аурудың алдын-алуға әрекет жасаса ғана, ұлт саулығын қалыптастыру мүмкін болмақ.