
MED Line: дәрігерге 1 минутта жазылыңыз
«Айгерім» клиникасында дәрігердің қабылдауына жазылу енді әлдеқайда жылдам әрі ыңғайлы. Call-орталыққа қоңырау шалып, оператордың жауабын күтудің қажеті жоқ.
MED Line мобильді қосымшасы арқылы қажетті медициналық бағытты, дәрігерді, қабылдаудың қолайлы күні мен уақытын өзіңіз таңдай аласыз.
Қабылдауға қалай жазылуға болады?
1. MED Line қосымшасын ашыңыз.
2. Қажетті медициналық бағытты таңдаңыз.
3. Өзіңізге қажетті дәрігерді табыңыз.
4. Қолайлы күн мен уақытты таңдаңыз.
5. Жазылуды растаңыз.
Барлығы оңай және бірнеше минут қана уақыт алады!
Сонымен қатар MED Line қосымшасы арқылы медициналық және зертханалық қызметтерге жазылып, төлем жасаған жағдайда 10% жеңілдік беріледі.
Енді қоңырау шалудың, оператордың жауабын күтудің немесе Call-орталықтың жұмыс уақытына бейімделудің қажеті жоқ. Өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта қабылдауға жазылыңыз.
MED Line - «Айгерім» клиникасы әрдайым қолыңызда!