"Айгерим" клиникасы - Ақтөбе облысындағы 30 жылдан астам тәжірибесі бар ең ірі жекеменшік медициналық ұйым.
Клиникада 500-ден астам қызметкер күн сайын жүздеген пациенттер мен ұйымдарға қызмет көрсетеді.
Біз жетекші шетелдік өндірушілердің заманауи медициналық жабдықтарын қолданамыз. Ұжымымыз - көпжылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардан құралған. Сонымен қатар басқарудың және клиенттерге қызмет көрсетудің заманауи әдістері енгізілген.
НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Біздің ортақ құндылықтарымыз - шын мәнінде неге сенетініміз:
- Біздің басты мақсатымыз - адамның денсаулығын сақтау және жақсарту. Әрбір іс-әрекетіміз осы мақсатқа жету нәтижесімен өлшенуі тиіс;
- Медицина — пайда үшін емес, адамдар үшін;
- Өз жұмысымызды мінсіз атқару және пациенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсету. Және оны бәрінен жақсы орындау;
- Үздіксіз ішкі даму мен өзгерістер — тоқтаусыз алға ұмтылу;
- Жоғары сапалы қызмет көрсету мен инновацияларды енгізуге мүмкіндік беретін ішкі орта қалыптастыру. Прогресті ынталандыру.
Мақсат: Инновациялар мен кәсіби кадрларды даярлау арқылы Қазақстан медицина саласында №1 болу;
- Ұлттық және халықаралық деңгейде ең үздік медициналық компания құру;
- Медицина қызметкерлері өз миссиясын сезініп, жұмысты сүйіспеншілікпен атқаратындай еңбек жағдайларын жасау;
- Адам игілігі үшін озық технологияларды қолдану. Үнемі алға жылжу, үздіксіз өсу және даму.